«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Mubadala Investment Company келісімдер пакетіне қол қойды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Mubadala Investment Company келісімдер пакетіне қол қойды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.У МаминніңБіріккен Араб Әмірліктеріне сапарын пысықтау шеңберінде «ҚТЖ» ҰК»АҚ мен Абу-Даби үкіметінің әлемдік инвестициялық компаниясы Mubadala Investment Companyарасында келісімдер пакетіне қол қойылды.

Құжаттар Алматы облысындағы «Қорғас-шығыс қақпасы» АЭА аумағында заманауи «А» класындағы қойма кешеніне иелік ететін «KIF Warehouses» ЖШС-нің 50 пайыздық үлесін «ҚТЖ» ҰК»АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылатын «KTZ Express»АҚ-ға беруге бағытталған.

Келісімдерге «ҚТЖ» ҰК»АҚ-ның Басқарма төрағасының логистика жөніндегі ОрынбасарыПавел Соколов,«Қазына Капитал Менеджмент»АҚ-ның Басқарма төрағасы мен Мубадаланың бас заңгері Родни Каннон қол қойды.

2018 жылы Mubadala Investment Company «Baiterek» ҰБХ» АҚ-мен бірлескен инвестициялық платформа негізінде Жаңа Жібек Жолының бойында орналасқан маңызды көлік хабында қойма кешенін салуға шамамен 17 миллион АҚШ долларын теңдік негізде қаржыландырды.

 Қойма кешенінің іске қосылуы Қазақстан Республикасының экспорттық және транзиттік әлеуетін арттырады деп күтілуде. Бизнес үшін Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекарасында заманауи логистикалық қызметтер ұсынылатын болады.

Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастыққа қосымша серпін береді.