KTZ Express және CMA CGM ТХКБ бойынша теңіз тасымалдарын дамыту жөнінде келісімге келді

KTZ Express және CMA CGM ТХКБ бойынша теңіз тасымалдарын дамыту жөнінде келісімге келді

2025 жылғы 30 мамырда Астана қаласында KTZ Express пен әлемдік теңіз логистикасы саласындағы жетекші француз компаниясы CMA CGM арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Бұл келісім Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша мультимодальды тасымалдарды және Каспий өңіріндегі инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Бірлескен жобаларды жүзеге асыру теңіз логистикасының тиімділігін арттырып, ірі әлемдік нарықтарға шығатын үздіксіз жеткізу тізбектерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Меморандумға қол қойылуы халықаралық көлік ынтымақтастығын нығайту жолындағы маңызды қадам болды.