KTZ Express Чабахар портымен ынтымақтастық перспективаларын зерделеуде

Иран Ислам Республикасына жұмыс сапары аясында KTZ Express еншілес компаниясының өкілдері Чабахар портының басшылығымен және Иранның порт және теңіз әкімшілігімен (PMO) келіссөздер жүргізді.
Тараптар бірлескен инфрақұрылымдық жобаларға қатысуды қоса алғанда, «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту шеңберіндегі өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады. Сапар барысында KTZ Express делегациясы порт қуаттарының ағымдағы жай-күйімен танысып, терминалдық объектілерді орналастыру үшін ықтимал жарамды аумақтарды қарап шықты.
Сапар құрлықаралық тасымалдаудың негізгі бағыттарында терминалдық қаңқаны құру тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі болды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге және өзара тиімді логистикалық шешімдерді дамытуға өзара мүдделілік білдірді.