KTZ Express өкілдері Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің дөңгелек үстеліне қатысты

KTZ Express өкілдері Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің дөңгелек үстеліне мынадай тақырыпқа байланысты қатысты:«ШЫҰ аясындағы сауда-логистикалық ынтымақтастықты кеңейту, Азия мен Еуропа арасындағы халықаралық логистикалық және көлік дәліздерін бірлесіп салу».Қатысушылардың арасында ШЫҰ Бас хатшысы В.И. Норов, көлік, сыртқы сауда, кеден қызметтері және фитосанитарлық бөлімдердің, ШЫҰ мүше мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерінің басшылары мен өкілдері болды.Іс-шара аясында делегациялар Ляньюньган портына, атап айтқанда, Қытай-Қазақстан логистикалық терминалына барды, онда KTZ Express делегациясы қытайлық серіктестермен жұмыс жасау және Қытай-Еуропа-Қытай бағыттары бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, Қазақстан-Оңтүстік-Шығыс Азия елдері логистикалық схемада бірлескен терминалды пайдаланады. Сондай-ақ, B2B сессиясы өткізілді, оның барысында қатысушыларға KTZ Express-тің ШЫҰ елдеріне / елдерінен контейнерлік тасымалдауды ұйымдастырудың мүмкіндіктері, сондай-ақ ШЫҰ елдерінің логистикалық нарығына қатысушылармен тиімді өзара әрекеттесу мүмкіндіктері ұсынылды.