Қазақстандық ет экспорттаушылары KTZ Express өнімдерін салқындатылған контейнерлерде тасымалдаудың артықшылықтарын ұсынды

Қазақстандық ет экспорттаушылары KTZ Express өнімдерін салқындатылған контейнерлерде тасымалдаудың артықшылықтарын ұсынды

Ағымдағы жылдың 13 қарашасы KTZ Express клиенттері үшін KTZ Express акционерлік қоғамына тиесілі салқындатылған контейнерлерде ет және ет өнімдерін тасымалдаудың артықшылықтары туралы презентация жасалды.


Тұсаукесер рәсімінің басында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков құттықтау сөз сөйледі. Ол іс-шараға қатысушыларға Қазақстандағы мал шаруашылығының негізгі өнімдеріне қатысты қазіргі жағдайына, елдің экспорттық әлеуетіне тоқталып, салқындатылған контейнерлік тасымалдаудың қазақстандық етті шетелге экспорттау тізбегіндегі маңызды рөлін атап өтті.

KTZ Express Бас директорының орынбасары Мадина Ахмеджанова температураға сезімтал жүктерді тасымалдау бойынша KTZ Express қызметтері, белгіленген экспорттық маршруттар және «KTZ Express» АҚ-мен ынтымақтастықтың артықшылықтары туралы айтты.

Іс-шараға 40-тан астам компания қатысты, оның ішінде «KayaBeef» ЖШС, «Алтын Қазық» ЖШС, «Жаңа Береке» ЖШС, «Астана-Бизнес» ЖШС және басқа ірі ет және ет өнімдерін өндірушілер мен экспорттаушылар бар.

Іс-шара нәтижесінде қатысушылар бірауыздан салқындатылған контейнерлерде тасымалдауға, сонымен қатар осындай шараларды тұрақты түрде өткізуге қызығушылық танытқанын атап өткен жөн.