Каспий теңізінде Транскаспий бағыты бойынша қосымша фидерлік қызмет іске қосылды

Каспий теңізінде Транскаспий бағыты бойынша қосымша фидерлік қызмет іске қосылды

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Ақтау портынан Ақтау-Баку-Ақтау бағыты бойынша сыйымдылығы 224 ЖФЭ құрайтын «Бекет Ата» атты екінші кеме іске қосылды.Мамандардың сөзіне жүгінсек, екінші каспийлік фидер бекітілген кесте бойынша бағыт алады.Жүк тиеу барысы шамамен 12 сағатты құрады.Жөнелтілімнің жүктер номенклатурасы: ферросилициум, қызанақ пастасы, жасымық және ҚХР-нан халық тұтынатын тауарлар.Еске сала кетсек, Қазақстан аумағында фидерге қосымша Көкшетау және Қарағанды қалаларынан отандық экспорттаушы контейнерлер тиелген болатын.Баку портына жеткізілгеннен кейін, контейнерлер ТХКМ бағытымен Грузияға, Турцияға және Еуропа елдеріне жөнелтіледі.Жүк жөнелтушілердің айқындауынша, фидерлік желі тауарлардың жеткізілу мерзімін қысқартады, демек бұл – ТХКМ бағыты бойынша контейнерлер тасымалының жақсы көрсеткіші.Айта кетерлік жайт, Ақтау портынан Бакуға жөнелтілген алғашқы қазақстандық фидерлік кеме ағымдағы жылдың 16 сәуірінде іске қосылған, және тұрақты әрапталық негізде жүріп тұрады. Осы орайда Қытайдан Еуропаға бағытталған транзиттік жүктер шоғыры қазақстандықконтейнерлік экспорт жүктерімен қатар жеделдетілген режимде тасымалданады.