KTZ Express VII Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумына «New Silk Way» қатысты

📍 Алматы
📅 2025 жылғы 30 қыркүйек
KTZ Express Қазақстан көлік апталығы және TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесі аясында өткен VII Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумына «New Silk Way» қатысты.
Форум мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және бизнес өкілдерінің басын қосып, Жаңа Жібек жолы кеңістігінде көлік дәліздерін дамыту, транзиттік әлеует, цифрландыру және логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Негізгі назар теміржол және автокөлік инфрақұрылымын, авиа- және су көлігін, мультимодальды тасымалдарды дамытуға, сондай-ақ көлік жүйелеріне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге аударылды.
Іс-шара аясында KTZ Express басшылығы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы құрамында Грузия темір жолы АҚ, GR Logistics & Terminals, Әзірбайжан темір жолы ЖАҚ, Rhenus Group, DB Cargo Eurasia, TCDD Taşımacılık A.Ş., Pacifik Eurasia, CRCT, Орталық Азиядағы «Ляньюньган порты» ЖШС өкілдігі, CMA CGM, «Unionway» ЖШС сияқты халықаралық логистикалық компаниялармен және теміржол әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізді. Әңгімелесу барысында ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдетудің болашағы қаралды.
Форумға қатысу KTZ Express-ке серіктестік байланыстарды нығайтуға, халықаралық ойыншылармен тәжірибе алмасуға және Еуразиядағы транзиттік және логистикалық тізбектердің негізгі қатысушысы ретіндегі мәртебесін растауға мүмкіндік берді.