KTZ Express және Rail Cargo Austria AG ТМТМ транзиттік әлеуетін нығайта отырып, өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

📅 2025 жылғы 27 қараша
📍 Астана, Қазақстан
Астана қаласындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас кеңсесінде KTZ Express және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының Австрия Республикасының Ұлттық кеңесі Парламентінің Екінші Президенті мырза Хаубнер бастап келген делегациясымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКБ) дамыту перспективаларын, логистикалық өзара іс-қимылды нығайту және Қазақстан мен Австрияның теміржол компаниялары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өңірдегі көлік және инфрақұрылымдық жобаларға қызығушылық танытып отырған жетекші австриялық компаниялардың таныстырылымдары өтті.
Іс-шараның негізгі нәтижесі – ТМТМ бойынша интермодальды тасымалдарды дамытуға және Орталық және Шығыс Еуропадағы ÖBB-Holding AG терминалдық және теміржол инфрақұрылымын бірлесіп пайдалануға бағытталған KTZ Express пен Rail Cargo Austria AG (ÖBB Holding AG құрамына кіреді) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Меморандумға KTZ Express атынан Бас директор және Басқарма Төрағасы Кожахметов Д.М., ал Rail Cargo Austria AG атынан ÖBB-Holding AG тобының стратегия жөніндегі басшысы Роберт Хойсман қол қойды.
Құжат сондай-ақ жаңа логистикалық терминалдар салу бойынша әлеуетті жобаларды қоса алғанда, терминалдық қуаттарды бірлесіп дамыту перспективаларын қарастыруды көздейді. Бұл KTZ Express-тің еуропалық нарықтағы қатысуын кеңейту және Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдардың тиімділігін арттыру жөніндегі стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді.
Меморандумға қол қою Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік дәліздің мүмкіндіктерін кеңейту және экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды. Бұл KTZ Express-тің Қазақстанның халықаралық мультимодальды маршруттарын дамытудағы негізгі ойыншы ретіндегі рөлін растай отырып, компанияның интеграцияланған логистикалық шешімдерді іске асыруға дайын екенін көрсетеді.