Халықаралық көлік дәлізін құру мәселелері талқыланды: Ауғанстан, Беларусь, Қазақстан, Пәкістан, Ресей және Өзбекстан

Халықаралық көлік дәлізін құру мәселелері талқыланды: Ауғанстан, Беларусь, Қазақстан, Пәкістан, Ресей және Өзбекстан

Термез, Өзбекстан - 2024 жылғы 24 сәуір. Өзбекстан Республикасының тарихи Термез қаласында KTZ Express және көлік-логистикалық компаниялар өкілдерінің қатысуымен алты елдің: Ауғанстан, Беларусь, Қазақстан, Пәкістан, Ресей және Өзбекстанның көлік министрліктері өкілдерінің кеңейтілген кеңесі өтті.


Кеңестің басты тақырыбы өңір мемлекеттерін біріктіруге бағытталған халықаралық көлік дәлізін құру болды. Қатысушылар осы бағыт жұмысының негізгі аспектілерін талқылап, қорытындысы бойынша хаттама мен халықаралық көлік дәлізін құру және дамыту жөніндегі жол картасына қол қойды.


Бизнес өкілдерімен өткен кеңестен кейін брифинг өткізілді, оның негізгі мәселелері Ауғанстан және Пәкістан аумақтары арқылы жүктердің өту қауіпсіздігіне, барлық бағыт бойынша жүктерді сақтандыруға және кедендік рәсімдер уақытын қысқартуға қатысты болды. Бизнес-қоғамдастықтың барлық ұсыныстары мен тілектері көлік министрліктерінің қарауына қабылданды.


Брифинг аясында KTZ Express қатысушыларға «Трансафган» және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттарын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және клиенттерді тарту және оларға логистикалық сервистерді жақсарту жоспарлары туралы ақпарат берді.


Жаңа көлік бағытын құру ынтымақтастықты нығайту және өңірлік экономиканы дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады және Қазақстан арқылы транзитпен жүк айналымын ұлғайтуға, сондай-ақ қазақстандық жүктер экспортының аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.