KTZ Express Түркия – Қазақстан бағытында тұрақты жүк тасымалдарын жүзеге асырады

KTZ Express Түркия – Қазақстан бағытында тұрақты жүк тасымалдарын жүзеге асырады

📅 Астана, 2025 жылғы тамыз


KTZ Express Түркиядан Қазақстанға тұрақты тасымалдарды ұйымдастырады. Атап айтқанда, Түркияда орналасқан KTZ Express филиалы Косекөй – Карс – Тбилиси – Баку – Ақтау стратегиялық маршруты бойынша тасымалды дамытып, Түркия, Кавказ және Орталық Азия арасындағы сенімді және тұрақты қатынасты қамтамасыз етеді.

Филиалдың басты бағыттарының бірі – Қазақстанға Түркия өндірісіндегі азық-түлік өнімдерін жеткізу. Логистикалық тізбек «есіктен есікке» қағидасы бойынша құрылады және бірнеше тасымал сегменттерін қамтиды:

  • Теміржол учаскесі: Köseköy станциясынан (Түркия) Карсқа, одан кейін Тбилиси арқылы Алят портына (Баку, Әзербайжан);
  • Теңіз учаскесі: Каспий теңізі арқылы Ақтау портына (Қазақстан) пароммен тасымал;
  • Теміржол учаскесі: Ақтау портынан Медеу станциясына (Алматы облысы).

Маршрут бойынша жүктерді жеткізу орташа мерзімі 20–25 күнді құрайды, бұл бағытты нарықтағы ең жылдам және сенімді шешімдердің біріне айналдырады.

KTZ Express Түркиядағы депосында 20 және 40 футтық контейнерлер паркін орналастырып, клиенттерді жылдам подвижной құраммен қамтамасыз етіп, икемді логистикалық шешімдер ұсынады.

Қазақстанға жіберілетін жүктер қатарына шоколад және кондитерлік өнімдер, өсімдік майлары, азық-түлік өнімдері, өнеркәсіптік және техникалық жабдықтар кіреді. Кері бағытта, Қазақстаннан Түркия мен аймақтық нарықтарға дәнді дақылдар мен ауыл шаруашылық өнімдері тұрақты тасымалданады.

KTZ Express стратегиялық сауда коридорлары қиылысында жұмыс істей отырып, Түркия мен Қазақстан, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасында тұрақты логистикалық көпір қалыптастырады және түркі және еуразиялық ынтымақтастық шеңберіндегі экономикалық байланысты нығайтады.