KTZ Express және China Railway Container Transport Co. Ltd. Иран-Қытай көлік бағытын жаңартады

KTZ Express және China Railway Container Transport Co. Ltd. Иран-Қытай көлік бағытын жаңартады

2024 жылғы 21 шілдеде Априн (Иран) теміржол станциясында Иран, Қытай, Қазақстан және Түрікменстан өкілдерінің қатысуымен Иран-Қытай контейнерлік пойызын жөнелту салтанатты рәсімі өтті.


Гипс ұнтағы бар 50 контейнерден тұратын құрам Иран-Қазақстан-Қытай бағыты бойынша жалпы ұзақтығы 12 күн жолға шықты.


Бұл оқиға бағдарға қатысушы елдер арасындағы халықаралық сауда байланыстарын нығайтатын көлік дәлізін қалпына келтірудегі маңызды қадам болды.