Қазақстан арқылы ТХКБ бағыты бойынша СИАНЬ-ПРАГА қатынасы арқылы жаңа контейнерлік сервис іске қосылды.

Алғаш рет Қытай-Еуропа-Қытай жаңа балама бағдары бойынша Алтынкөл қазақстан шекара станциясы арқылы өтетін Сиань (Синьчжу)-Стамбул(Халкали)-Прага(Чехия) қатынастағы контейнерлік поезд өтті.
Жаңа сервис «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Бір белбеу – Бір жол» бастамасы аясында Шаньси провинциясының халық үкіметінің арасында қол жеткізілген уағдаластықтың іске асырылуы болып табылады.
Электроникасы бар 42 футтық контейнерден тұратын поезд 8500 км қашықтықты 10 елдің аумағын біріктіре отырып, 20 күнде жүріп өтеді. Қазақстанның аумағынан поезд 72 сағат жүріп өтті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Логистика жөніндегі орынбасары П. Соколов жаңа контейнерлік поезды іске қосу Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, сондай-ақ осы бағыт бойынша пойыз ұйымдастырған қытай тарапының теміржол әкімшіліктерінің стратегиялық ынтымақтастығының үлгісі болып табылатынын атап өтті. «Біз бұдан әрі де серіктестерімізбен белсенді жұмыс істейміз, сервис сапасын жақсартамыз және тасымалдау бағыттарын кеңейтеміз. Бұл ҚТЖ қызметінің стратегиялық бағыты болып табылады және Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалануға бағытталған», - деп атап өтті П. Соколов.