«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бірлескен терминалынан коронавирусқа қар-сы вакцинаға арналған 3 млн флакон жеткізілді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бірлескен терминалынан коронавирусқа қар-сы вакцинаға арналған 3 млн флакон жеткізілді

2021 жылдың 14 наурызда коронавирустық вакцинаға арналған құты (3 миллион дана) салынған 1110 қорап тиелген Цзянсу халықаралық пойызы Алматыға келді.

Пойыз ЛяньюньганҚытай-Қазақстан материалдық-техникалық базасынан 2021 жылы 6 наурызда жөнелтілді. Маңызды жүк тағайындалған жерге 8 күнде жеткізілді.

Жалпы, коронавирустық инфекция эпидемиясы кезінде Ляньюньган портынан теміржолмен Қазақстан арқылы Орталық Азия елдері мен аймақтарына медициналық жүктер жеткізілуде: жеке қорғану құралдары, инфрақызыл термометрлер және басқа да эпидемияның алдын алуға арналған материалдар .

Әлеуметтік маңызы бар жүктерді жеткізу мәселесі «KTZ Express» АҚ үшін басым бағыттардың бірі болып табылады.