«KTZ Express» АҚ «Орталық Азия – Италия» III Министрлік кездесуіне қатысты

«KTZ Express» АҚ «Орталық Азия – Италия» III Министрлік кездесуіне қатысты

2024 жылғы 29-30 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу бастаған «KTZ Express» АҚ өкілдері «Орталық Азия – Италия» III Министрлік кездесуіне қатысты.


Кездесу барысында Орталық Азия мен Италия елдері арасындағы өңіраралық және жаһандық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойындағы жүк ағындары мен инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды.


Іс-шара аясында «KTZ Express» АҚ Бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары Оразов Улугбек қатысушыларды ТХКБ дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және «KTZ Express» АҚ-ның Еуропадағы қатысуын кеңейтудің стратегиялық жоспарларымен таныстырды.


Қатысушылар көлік логистикасы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге және ТХКБ өткізу қабілетін дамыту жөніндегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде бірлескен өзара іс-қимылға мүдделілігін растады.