"KTZ Express" АҚ және "РТЖ" ААҚ, қолдауымен "ТрансКонтейнер" ЖАҚ және "АльянсТрансТорг" компаниясы алғашқы контейнерлік пойызды іске қосты

"KTZ Express" АҚ және "РТЖ" ААҚ, қолдауымен "ТрансКонтейнер" ЖАҚ және "АльянсТрансТорг" компаниясы ҚХР-ға Кемерово-Сортировочное станциясынан алғашқы контейнерлік пойызды іске қосты.
Жаңа сервисті ұйымдастырудың арқасында клиенттер жүкті теміржол терминалынан өндіріс орнына дейін тікелей жақын жерде жіберу мүмкіндігіне ие болды.
102 ЖФЭ контейнері жүктелген алғашқы пиломатериал пойызы 18 қыркүйекте жөнелтіліп, Достық шекара өткелі арқылы Қытайдың Туанцэцун станциясына өтті. Жол жүру уақыты 3 күн болды.
Болашақта Кемерово-Сортировочное станциясынан айына 2 - 3 тұрақты контейнерлік пойыз жіберіледі деп күтілуде. Сонымен бірге тасымалданатын тауарлардың да тізімі кеңейеді.