«KTZ Express» АҚ - Қазақстан Республикасындағы контейнерлеу Бағдарламасының мүшесі

«KTZ Express» АҚ басшысы Дмитрий Абдуллаев «Қазақстан Республикасындағы контейнерлеу Бағдарламасы» тақырыбындағы веб-конференцияда сөз сөйледі. Шараны «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік жұмысшылар одағы ұйымдастырды.
Сарапшылардың пікірінше, контейнерлеу мен теміржол көлігі бағдарламасы жалпы көлік саласының қозғаушы күші болып табылады.
Бұл бағдарламада KTZ Express мультимодальды көлік-логистикалық компаниясы маңызды рөл атқарады.
Компания порт инфрақұрылымын, қоймалар мен терминалдар желісін қолдана отырып, байланыстың барлық түрлерінде көліктік-логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынады.
Компания ұсынатын сұранысқа ие қызметтер қатарына Less Than Container Load қағидаты бойынша топтық жүктерді тасымалдау, жүк пойыздарында жүктерді тасымалдау, сондай-ақ температуралық жағдайға сезімтал жүктерді тасымалдау жатады.
-Сонымен қатар, KTZ Express жеке тоңазытқыш контейнерлерде қазақстандық агроөнеркәсіптік кешеннің тауарларын экспортқа жеткізуді қамтамасыз ететін тасымалдауды ұйымдастыру үшін көліктік-логистикалық жобаны жүзеге асырады. Осы айдың басында біз Ақтөбе қаласынан Қытайға мұздатылған ет өнімдерінің экспортын 4 күнде табысты ұйымдастырдық. Дмитрий Абдуллаев өз сөзінде мұздатылған өнімдерді тоңазытқыш контейнерлерде жеткізуге мүмкіндік беретін қызметке сұраныстың артып келе жатқанын байқады.