Қытайдан Қазақстанға өздігінен жойылатын шприцтер салынған алғашқы контейнерлік пойыз келді

Қытайдан Қазақстанға өздігінен жойылатын шприцтер салынған алғашқы контейнерлік пойыз келді

«KTZ Express» АҚ «СК-Фармация» ЖШС үшін Қытайдан Қазақстанға медициналық жүкті жеткізу бойынша жаңа тұрақты қызметті іске қосты. Компания жүктерді тиейтін жерге ырғақты жеткізуді, тиелген контейнерлерді жөнелту станциясына және келу станциясына дейін жеткізуді қамтитын бірқатар кешендік қызметтер ұсынды.

Осылайша, пойыз жөнелту станциясынан (Шанхай) межеленген станцияға (Алматы) 10 күнде жетті.

Жүк құрамын өздігінен жойылатын шприцтер (Safety қауіпсіз шприцтер технологиясы қолданылған 3 компонентті бірреттік) қамтыды.

Жүкті жөнелтуші – Ningbo Greetmedv Medical Instruments Co.,Ltd on behalf of Medeco корпорациясы. Жүк жөнелтушілер «KTZ Express» АҚ-на ризашылықтарын білдіріп, бұл қызметтің артықшылықтарын, яғни жаңа қызметтің жылдамдығы мен қолайлы бағасын атап өтті. Жалпы, пандемия кезінде эпидемияның алдын алу үшін медициналық маскалар, инфрақызыл термометрлер және басқа материалдар Қазақстан теміржолы арқылы Орталық Азия елдері мен аймақтарына жеткізілуде.