Алматы қаласы әкімдігі, "QazTrade" АҚ және "KTZ EXPRESS" АҚ кездесу

2024 жылғы 20 ақпанда Алматы қаласында KTZ Express, QazTrade және Алматы қаласының әкімдігі арасында кездесу өтті, оның барысында қала халқы үшін әлеуметтік маңызы бар тауарларды сату үшін сауда инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.
KTZ Express – «KTZE Commerce» филиалы жәрмеңкелердің сауда алаңдарына тез бұзылатын өнімдерді Алматының бірнеше аудандарында рефрижераторлық контейнерлерде жеткізуді және сақтауды ұйымдастыруды ұсынды. Арнайы температура режимі бар тоңазытқыш контейнерлерді пайдалануы пияз, картоп, сәбіз, қызанақ, қырыққабат және басқа да көкөністер мен жемістер сияқты өнімдердің сақтау мерзімін ұзартады.
KTZ Express пікірі бойынша, берілген ұсыныс шығындарды азайтып, тауарларды төмен бағамен сатуға мүмкіндік жасау арқылы фермерлерге, сатушыларға және тұтынушыларға да пайда әкелуі мүмкін.
Кездесу қорытындысы бойынша Түрксіб ауданында пилоттық жобаны іске қосу туралы, кейіннен жобаның географиясын Алмалы және Бостандық аудандарына тарату туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Жобаны үйлестіру және іске асыру үшін KTZ Express, QazTrade және Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерінен жұмыс тобы құрылады.
KTZ Express бұл бастамаға қатысуы компанияның қоғамдық маңызы бар жобаларды қолдауға және халықтың жағдайларын жақсартуға деген ұмтылысын көрсетеді.