ҚР аумағы арқылы Қытай – Беларуссия бағытында пилоттық контейнерлік қызмет іске қосылды
Жаңа қызмет Қытайдан Қазақстан және Ресей аумағымен Беларуссияның Жодино станциясына тұрақты пойыздарды жіберуді қамтиды.
KTZ Express ұйымдастыруымен орындаған алғашқы жеткізулер 29 мен 30 наурызда іске асты.
Әрқайсысы қырық футтық контейнерлерден тұратын алғашқы екі контейнерлік пойыздың сәтті жіберілуі Қытайдың Чэнсян стансасынан (Фуцзян провинциясы) бастама алды. Жүктеме құрылымына тұтыну тауарлары мен құрылыс материалдары кіреді.
Бүгін пойыз Алтынколь стансасына жетті. Пойыздың Қазақстан аумағымен жүру уақыты 3 күнді қамтиды.