«KTZ Express» АҚ клиентке бағдарлану саясатын іске асырады

Клиентке бағдарлану саясатын іске асыру аясында қазіргі уақытта «КTZ Express» АҚ клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ біріккен ынтымақтасты дамытуды тежейтін кедергілерді алып тастау үшін жұмыстар жүргізілуде.
Аталған шаралар көрсетілетін қызметтердің сапасын, жылдамдығын жақсартуға және «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер кешенін ұсынуға бағытталған. Қызмет тұтынушыларына кедергісіз және жедел кеңес алуға және мамандардың кәсіби қолдауына мүмкіндік беретін байланыс орталығы құрылды. Қызметтерді сату және клиенттермен жұмыс істеу, логистика және тарифтік саясат бойынша, сондай-ақ Қоғамның жұмыс жүйесін жетілдіру үшін құрылған операциялық қамтамасыз ету бойынша бағыттар жұмыс істейді.