KTZ Express — Цифрлық логистика көшбасшысы: «Біріңғай цифрлық терезе» жобасы үшін сыйлық

19 желтоқсанда «KTZ Express» АҚ Астана қаласында өткен көлік және логистика магистралі Awards Ұлттық премиясында «Бірыңғай цифрлық терезе» жобасын іске асырғаны үшін «Цифрлық логистика көшбасшысы» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
«Біріңғай цифрлық терезе» — бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық еншілес ұйымдарының функцияларын біріктіретін бірегей платформа. Жоба бизнес-процестердің ашықтығы мен ыңғайлылығын арттыруға, сондай-ақ клиенттермен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
Бас директордың коммерция жөніндегі орынбасары У. А. Оразов: «Біз жобамыздың осындай жоғары бағаға ие болғанын мақтан тұтамыз. Бұл марапат — біздің команданың әр қызметкерінің үйлесімді жұмысының нәтижесі. Біз логистика саласындағы көшбасшы позициясын нығайта отырып, тұтынушыларымызға ыңғайлы және заманауи қызметтерді ұсыну үшін технологияның логистикалық инновациялық шешімдерін енгізуді жалғастыруға ниеттіміз» атап өтті.