KTZ Express Қазақстан – Бельгия бағыты бойынша есіктен есікке дейін жеткізуді іске қосты

KTZ Express Қазақстан – Бельгия бағыты бойынша есіктен есікке дейін жеткізуді іске қосты

«KTZ Express» АҚ Қазақстан – Бельгия бағыты бойынша алғашқы мильден соңғы мильге дейінгі жаңа халықаралық жеткізу сервисін ұйымдастырды.


2025 жылғы ақпан айынан бастап компания толық тасымалдау циклін қамтамасыз етеді: Қазақстан аумағындағы ішкі логистика, теміржол транзиті, Еуропа бойынша автожеткізу, кедендік ресімдеу және барлық кезеңдердегі бақылау.


Алғашқы жөнелтілім экспортқа бағытталған қазақстандық молибден концентраты болды — жиырма футтық эквивалентте 68 контейнер. Бұл сервис басқа жүк түрлерін тасымалдауға бейімделіп, кеңейтілуі мүмкін.


KTZ Express Будапешттегі еуропалық кеңсесінің қатысуымен бірыңғай оператор ретінде әрекет етіп, үзіліссіз және ашық логистиканы қамтамасыз етеді.