KTZ Express РЖД Логистикамен бірлесіп Қытайға агроөнімдерді жеткізу бойынша тікелей контейнерлік сервис ұйымдастырды

KTZ Express РЖД Логистикамен бірлесіп Қытайға агроөнімдерді жеткізу бойынша тікелей контейнерлік сервис ұйымдастырды

«KTZ Express» АҚ «РЖД Логистика» АҚ-мен бірлесіп Мәскеу – Сиань (ҚХР) бағытында тікелей теміржол қатынасында алғашқы рефрижераторлық контейнерлік пойызды жөнелту ұйымдастырды. Ет және тауық өнімдері бар контейнерлер Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы межелі жерге дейін жеткізіледі. Бұрын жеткізу теміржол және теңіз көлігі қолданыла отырып мультимодальды болды. Алдағы жоспар - жаңа қызметті апта сайын етіп жасау.