Бакуде TХКБ маршрутының дамуы талқыланды

2025 жылғы 3-4 наурызда «KTZ Express» АҚ Бас директорының логистика жөніндегі орынбасары А.И. Қапар Бакуде (Әзірбайжан) «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» Халықаралық Қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі жұмыс тобының отырысына және жалпы жиналысына қатысты. Іс-шара барысында маршрутты дамытудың негізгі бағыттары және инфрақұрылымдық қуаттарды кеңейтуді қоса алғанда, 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.
Кездесу аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ атынан «KTZ Express» АҚ Бас директорының логистика жөніндегі орынбасары Поти портында (Грузия) терминалдық инфрақұрылымды дамыту бойынша PTC Holding-пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат халықаралық сауда байланыстарын нығайтатын және Оңтүстік Кавказ арқылы жүктердің неғұрлым тиімді және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып, өңірдің транзиттік әлеуетін арттыратын заманауи көліктік-логистикалық хаб құруды көздейді.
Айта кету керек, 2024 жылы маршрут бойынша тасымалдау көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 33 есеге ұлғайды, бұл оның өзектілігі мен қажеттілігін көрсетеді. PwC болжамдарына сәйкес, 2030 жылға қарай ТХКБ бойынша контейнерлік тасымалдау көлемі 287 мың ЖФЭ-ге жетуі мүмкін, бұл 2024 жылғы көрсеткіштерден 8 есе артық.