«KTZ Express» АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РЖД» ААҚ арасындағы бірлескен жұмыс тобының отырысына қатысты

«KTZ Express» АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РЖД» ААҚ арасындағы бірлескен жұмыс тобының отырысына қатысты

26-28 қыркүйекте Волгоград қаласында «KTZ Express» АҚ Бас директорының операциялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Жақсыбек К. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РЖД» ААҚ арасындағы бірлескен жұмыс тобының XIV отырысына қатысты, оның негізгі бағыты стратегиялық ынтымақтастықты бірлесіп дамытуға бағытталған.


Кездесу барысында «Солтүстік-Оңтүстік» МТК шығыс бағытын дамыту, сондай-ақ технологиялық процестерді цифрландыру арқылы трансевразиялық дәліздерді бірлесіп дамыту мәселелері талқыланды.


Отырыс қорытындысы бойынша стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі, атап айтқанда, «Солтүстік – Оңтүстік» МТК шығыс бағытын қоса алғанда, 2024-2030 жылдарға арналған тасымалдау көлемінің болжамын қалыптастыру жөніндегі басым бағыттар мен іс-шаралар айқындалды.


Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың шілде айында Қазақстан, Иран, Түркіменстан және Ресей 2024-2025 жылдарға арналған «Солтүстік-Оңтүстік» МТК шығыс бағытын ілеспе дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды. Құжаттың іс-шараларын іске асыру дәліздің өткізу қабілетін 2027 жылға қарай 15 млн тоннаға дейін және 2030 жылға қарай 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.