Қазақстаннан Түркияға 22 күнде: KTZ Express жүктерді TХКМ арқылы жеткізу жылдамдығын арттыруда

Қытайдың Үрімші қаласынан Түркияның Мерсин портына теміржол және теңіз көлігін пайдалана отырып, Транскаспий бағыты бойынша тоқыма машиналарының партиясы рекордтық мерзімде жеткізілді. ⠀ 44 қырық футтық контейнерден тұратын контейнерлік пойыз Қазақстан аумағы арқылы Алтынкөл шекара өткелінен өтіп, одан әрі Ақтау және Алят теңіз порттары арқылы Түркияның оңтүстігіне бет алды. ⠀ Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Түркия аумағына дейінгі жол ең қысқа мерзімде – 7 тәулікте транзиттік жүкпен қамтылды. ⠀ Кавказ елдері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру кезінде KTZ Express мультимодальды көлік қызметінің артықшылықтары - бәсекеге қабілетті тарифтік мөлшерлемелерді ұсыну, жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқарту, контейнерлік пойыздар мен жалғыз контейнерлерді орналастыру мүмкіндігі, сондай-ақ транзиттік тасымалдауды жеделдету болып табылады.