KTZ Express халықаралық форумда Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктер таныстырды

Ағымдағы жылдың 24-25 қараша аралығында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан қаласында "Түркістан: туризм, экономика, инвестициялар" халықаралық экономикалық форумы өтті, оның барысында Жібек жолын дамыту перспективалары талқыланды.
Іс – шараға қатысушылардың назарын "Жібек жолы Қытай-Еуропа: Орта және Оңтүстік дәліздердің мүмкіндіктері мен мәселелері" атты логистика бойынша панельдік сессия аударды, оның барысында "KTZ Express" АҚ Бас директорының м.а. Дамир Қожахметов орта дәлізді (ТХКБ) дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
"Бүгінгі таңда ТХКБ Қазақстан арқылы өтетін перспективалы транзиттік маршруттардың бірі болып табылады. ТХКБ бойынша серіктестерімізбен транзиттік өнімді құру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді, сондай-ақ баға белгілеудің бірыңғай қағидаттары қалыптастырылды. Қазіргі уақытта ТХКБ дәлізін цифрландыру жұмыстары жүргізілуде", - деді Дамир Қожахметов өз сөзінде.
Форум аясында еліміздің транзиттік әлеуетін ұлғайту және "Бақты" өткеліндегі құрғақ портты, Сиандағы (ҚХР) логистикалық орталықты және Грузияның Поти портындағы терминалды салу жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жалпы, панельдік сессияға қатысушылар Жібек жолы бойындағы инфрақұрылымды дамыту және оңтайландыру экономикалық байланыстарды нығайту, көрсетілетін қызметтерді жақсарту және ол өтетін өңірлердің геосаяси маңыздылығын арттыру үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті.