"KTZ Express" АҚ алты теңіз кемесін салуға тендер жариялайды

"KTZ Express" АҚ алты теңіз кемесін салуға тендер жариялайды

"KTZ Express" АҚ отандық контейнерлік флотты дамыту және Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТМТМ) өткізу қабілетін арттыру мақсатында алты заманауи теңіз кемесін салу бойынша стратегиялық жобаны жүзеге асыруға кірісті.

Жобаланған техникалық сипаттамалар мультимодальды тасымалдарды тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл транзиттік жеткізу мерзімдерінің тұрақтылығы мен болжамдылығын арттырады. Жаңа кемелер Каспий теңізі мен ішкі су жолдарының ерекшеліктеріне бейімделеді, оның ішінде шлюздерден өту және таяз суларда жұмыс істеу мүмкіндігі ескерілген.

Кемелердің негізгі техникалық сипаттамалары:

  • жүк сыйымдылығы — 450–520 ДФЭ;
  • дедвейт — 9 000 тоннаға дейін;
  • отыру тереңдігі «өзен/теңіз» — 3,6 м / 4,7 м;
  • жылдамдығы — 10–12 торап;
  • қозғалтқыштар мен дизель-генераторлар — Еуропа, АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның жетекші өндірушілерінен.

Кемелер Халықаралық теңіз ұйымының (IMO) халықаралық стандарттарына, сондай-ақ SOLAS, MARPOL, STCW талаптарына сай жобаланып, салынады. Сонымен қатар, олар Bureau Veritas, RINA, ABS сияқты жетекші классификациялық қоғамдардың нормаларына сәйкес келіп, заманауи навигациялық және автоматтандырылған басқару жүйелерімен жабдықталады. Экологиялық әсерді азайту шаралары да қарастырылған: энергия тиімді қозғалтқыштар, шығарындыларды тазарту және сарқынды суларды өңдеу жүйелері орнатылады.

"KTZ Express" АҚ жақын уақытта алты теңіз кемесін салуға тендер жариялап, мүдделі жеткізушілерді қатысуға және коммерциялық ұсыныстарын ұсынуға шақырады.

Актуалды ақпарат:

🔗 https://ktze.kz/kz/cooperation/procurement

Коммерциялық ұсыныстарды келесі электрондық мекенжайға жолдау қажет: kense@ktze.kz

Коммерциялық ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі — 2025 жылғы 10 қыркүйек, Астана уақытымен сағат 18:30-ға дейін.