KTZ Express Қытайдағы әріптестікті нығайтады: Гуанчжоудағы сауда-экономикалық миссияға қатысу

KTZ Express Қытайдағы әріптестікті нығайтады: Гуанчжоудағы сауда-экономикалық миссияға қатысу

2025 жылғы 18–21 тамыз аралығында KTZ Express QazTrade және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі ұйымдастырған Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясына (СЭМ) қатысты. Іс-шара Қытайдың ірі іскерлік орталықтарының бірі — Гуандун провинциясының Гуанчжоу қаласында өтті.

KTZ Express мүдделерін миссияда еншілес кәсіпорын — Xinjiang KTZ International Logistics Co., LTD таныстырды. Компания Қытайлық кәсіпорындар және сауда қауымдастықтарымен B2B-кездесулер өткізіп, Қазақстан арқылы өтетін логистикалық бағыттардың артықшылықтарын және KTZ Express компаниясының кешенді көлік-логистикалық шешімдерін таныстырды.

Кездесулер барысында Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (ТХКД) дамытуға ерекше назар аударылды, ол Қытай, Орталық Азия, Еуропа және Таяу Шығыс арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз етеді. Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы 80%-дан астам жүк ағыны өтетін негізгі транзиттік торап мәртебесін сақтап отыр.

Миссия нәтижесінде Гуандун провинциясы мен Қытайдың басқа да аймақтарындағы, соның ішінде Гуанчжоу, Шэньчжэнь және Фошань қалаларындағы компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімдерге қол жеткізілді. Жаңа байланыстар халықаралық логистиканы дамытуға және Қазақстанның көлік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін күшейтуге негіз қалайды.