ҚТЖ және Abu Dhabi Ports Group бірлескен кәсіпорын құрады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және AD Ports Group бірлескен кәсіпорын құру туралы шартқа қол қойды. Құжатқа Дубай қаласында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында қол қойылды.
Abu Dhabi Ports Group порттардың, экономикалық аймақтардың, теңіз, логистикалық және цифрлық бизнестің интеграцияланған инвестициялық портфелін ұсынады. Компания БАӘ-де 10 порт пен терминалға иелік етеді және басқарады.
Жаңа бірлескен кәсіпорынның жұмысы Солтүстік – Оңтүстік бағытын дамытуға, Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын кеңейтуге, сауда хабтарын құруға бағытталатын болады.
ҚТЖ және AD Ports Group ынтымақтастығы Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға, экспорттық бағыттарды ұлғайтуға және араб шығанағы елдерінде қазақстандық тауарлар нарығын құруға ықпал ететін болады.