Көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту: ҚТЖ мен PSA жұмыс кездесуі

Көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту: ҚТЖ мен PSA жұмыс кездесуі

2024 жылғы 23 сәуірде "ҚТЖ "ҰК" АҚ, "KTZ Express" АҚ және PSA International Pte Ltd (Сингапур Республикасы) өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар көлік-логистикалық секторды дамыту және Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша жүк айналымын ұлғайту мәселелерін талқылады. Жақында құрылған KPMC Ltd бірлескен кәсіпорнын дамыту жоспарларына ерекше назар аударылды.


Естеріңізге сала кетсек, мемлекет Басшысының тапсырмасы аясында Қ.К.Тоқаев «KTZ Express» АҚ мен PSA Eagle Pte Ltd. (PSA International Pte Ltd еншілес кәсіпорны) арасында KPMC Ltd бірлескен кәсіпорны құрылды. Оның қызметі ТХКБ бойынша көлік-логистикалық қызметтерді дамытуға және ұсынуға бағытталған.