KTZ Express ірі габаритті және бірегей жүктерді тасымалдау қызметін ұсынады
«KTZ Express» АҚ Kerry Project Logistics Kazakhstan ЖШС-мен бірлесіп, Поти стансасынан (Грузия) Құрық порты арқылы Ақсай бағытында габаритті жүк тасымалын ұйымдастырды.
Салмағы 40 тоннадан асатын үшінші дәрежелі жанама және екінші дәрежелі жоғарғы трансформатор қабырғасыз арнайы конвейермен тасымалданды. Сонымен бірге ірі габаритті жүк Қазақстан аумағы арқылы 1532 км қашықтықты рекордтық мерзімде жүріп өтті.
Трансформаторға тапсырыс беруші - АОЗТ «Карачаганак Петролиум оперейтинг Б.В.» компаниясының қазақстандық бөлімшесі.
KTZ Express күрделілігі әр түрлі деңгейдегі ірі габаритті жүктер тасымалын ұйымдастыруға ерекше назар аударады. Айта кетсек, көлемі жиырма және қырық-футтық контейнерден үлкен және қауіпсіз жеткізуге арнайы ресурстар қажет ететін жүктерді ірі габаритті жүктер санатына жатқызамыз. Компанияның өндірістік бөлімшелерінің мамандары жергілікті заңнаманың барлық аспектілерін жетік меңгерген, сонымен қатар кез-келген жүк тасымалын ұйымдастыруда мол тәжірибеге ие.
Әрбір жағдайда жүктердің қозғалыс бағыты дұрыс әзірленеді, және сақталуы мен тиеу-түсіру жұмыстары кәсіби түрде орындалады. Шындығында, ірі жүктерді тасымалдау ерекше және жеке тәсілдерді қажет етеді.