KTZ Express компаниясының құрылғанына 12 жыл

 KTZ Express компаниясының құрылғанына 12 жыл

📅 2025 жылғы 15 шілде

📍 Астана, Қазақстан


15 шілде күні KTZ Express компаниясы өзінің 12 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы жылдар ішінде компания ұлттық теміржол операторы мәртебесінен Еуразия кеңістігіндегі ірі логистикалық ойыншылардың біріне айналды.

KTZ Express Қытай, Еуропа, Парсы шығанағы елдері, Кавказ және Орталық Азияны байланыстыратын стратегиялық бағыттар бойынша мультимодальды тасымалдарды қамтамасыз етеді. Бүгінде компанияның басты басымдықтарының бірі — Шығысты Батыспен және Солтүстікті Оңтүспен байланыстыратын негізгі көлік дәліздерін дамыту.

Компания терминалдық желісін кеңейтіп, инфрақұрылымды жаңғыртуда және цифрлық шешімдерді енгізуде.

KTZ Express — әлемнің ірі логистикалық хабтарын байланыстыратын сенімді көпір. Біз клиенттерімізге, серіктестерімізге және қызметкерлерімізге сенімі мен кәсібилігі, сондай-ақ компанияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз.

Біз бірге жаңа көкжиектерге қарай қозғалысты жалғастырамыз!