Қытай мен Қазақстан арасында жаңа теміржол бағыты ашылды

Қытай мен Қазақстан арасында жаңа теміржол бағыты ашылды

Ағымдағы жылдың 1 сәуірі пилоттық контейнерлік пойыз Наньнинг қаласындағы Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының (ГЧАА) әкімшілік орталығынан Нұр-Сұлтанға келіп жетті.

Жаңа қызмет Қазақстан-Қытай бастамасы «Бір белдеу - бір жол» аясында ұйымдастырылды.

Контейнерлік пойыз 17 наурыз күні Наньнинг халықаралық теміржол портынан жолға шықты және 5 мың км-ден астам жолды жүріп өтіп, ауыр құрылыс техникасы тиелген 49 қырық футтық контейнерлерді жеткізді.

Жүкті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – қазақстандық мультимодальдық оператор «KTZ Express» АҚ тасымалдады. Компания жылжымалы құраммен қамтамасыз ету, экспедиторлық қызмет, жүк құжаттар пакетін рәсімдеу бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынды.

Қытайдағы «KTZ Express» АҚ өкілдігінің жетекшісі Нұрсұлу Жолбасқанованың айтуынша, жаңа логистикалық канал жүктің жеткізу уақытын 3 есе үнемдеді. Бұған дейін құрылыс техникасы автомобильмен тасымалданатын. Жеткізу уақыты 45 тәулікті құрайтын.