KTZ Express «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты

KTZ Express «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты

📅 2025 жылғы 11 қазан

📍 Қазақстан


KTZ Express және оның еліміздің барлық өңірлеріндегі филиалдарының қызметкерлері аумақтарды көгалдандыру мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысты.

Акция аясында KTZ Express ұжымы Астана, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Көкшетау, Түркістан, Арыс, Жаркент қалаларында, Достық станциясында және Алматы облысындағы «KTZE-Khorgos Gateway» Құрғақ портында барлығы 1320 ағаш отырғызды.

Компанияның акцияға қатысуы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдаудың және орнықты даму қағидаттарына адалдығын көрсетудің айқын дәлелі болды.

KTZ Express табиғи ресурстарды сақтау, экологиялық жағдайды жақсарту және қызметкерлер мен серіктестер арасында экологиялық жауапкершілік мәдениетін дамытуға бағытталған жобаларды жүйелі түрде іске асырып келеді.

Бүгін табиғатты қорғау арқылы компания ұжымы болашақ ұрпаққа жасыл мұра қалдыруға және таза, экологиялық қауіпсіз Қазақстан идеясын қолдауға өз үлесін қосуда.

Ұлттық қозғалысты қолдау мақсатында KTZ Express эстафетаны «Кедентранссервис» АҚ компаниясына жолдайды.

Теміржолшылар – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН үшін!