KTZ Express Хорватиямен байланысты нығайтуда

KTZ Express Хорватиямен байланысты нығайтуда

KTZ Express бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары У. А. Оразов делегация құрамында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.А. Нұртілеу Хорватия Республикасына ресми сапары аясында жетекші хорватиялық компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.


Сапар барысында Хорватияның негізгі логистикалық хабы — Риека портымен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Адриатика жағалауында орналасқан порт жүктерді тасымалдауда стратегиялық рөл атқарады және Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа нарықтарына тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Келіссөздер мультимодальды маршруттарды дамыту перспективаларына, Қазақстан мен Хорватияның көлік инфрақұрылымын интеграциялауға, сондай-ақ іскерлік әріптестік бағыттарын кеңейтуге бағытталды. Қатысушылар Риека портының Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік дәлізді нығайтудағы маңыздылығын атап өтіп, заманауи геоэкономикалық сын-қатерлерге бейімделу үшін ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.


Диалог көліктік-логистикалық байланыстарды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға және екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған.