«KTZ Express» АҚ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында қытайлық серіктестермен ынтымақтастықтың егжей-тегжейімен бөлісті.

«KTZ Express» АҚ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында қытайлық серіктестермен ынтымақтастықтың егжей-тегжейімен бөлісті.

2024 жылғы 6 қыркүйекте KTZ Express Басқарма Төрағасы Д.М. Қожахметов Astana Finance Days жыл сайынғы конференциясына қатысты. «Бір белдеу, бір жол» бастамасының инвестициялық жобалары бойынша панельдік сессия шеңберінде KTZ Express-тің Қытайдың ірі порт компанияларымен ынтымақтастығының нәтижелері, сондай-ақ көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды.


«Біз қытайлық компаниялармен серіктестікті белсенді дамытыдамыз. «KTZ Express» АҚ логистика саласында екі маңызды жобаны жүзеге асырды: Қорғастағы Құрғақ порт және Ляньюньган қаласындағы логистикалық терминал. Бұл жобалар екі ел арасындағы логистикалық процестерді оңтайландыруда ғана емес, сонымен қатар Қытайдан Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдарды жақсартуда да маңызды рөлін атқарады», - деп  Дамир Қожахметов атап өтті.


Шараға Қытайдың қаржы секторының өкілдері де қатысып, инвестициялық жобаларды қолдау мен дамытудың ағымдағы қаржы құралдары туралы ақпаратпен бөлісті.


KTZ Express Бас директоры сондай-ақ қатысушыларды Ақтау Порты базасында Қытайдың ірі «Ляньюньган Порты» порт тобымен бірлесіп контейнерлік хаб құру жөніндегі жаңа жобаның іске асырылуы туралы хабарлады.


Бұл іс-шара тәжірибе алмасу және байланыс орнату үшін пайдалы алаңға айналды.