Қазақстан арқылы Ресей-Қытай бағыты бойынша темір рудасын тасымалдау

Қазақстан арқылы Ресей-Қытай бағыты бойынша темір рудасын тасымалдау

KTZ Express Қазақстан аумағы арқылы Ресей-Қытай бағытында айына 25-100 мың тонна аралығында темір рудасын тасымалдайды.

Темір рудасы Стойленская және Курбака стансаларынан жылжымалы құрамда тұрақты негізде жіберіледі.

Кейін сотүстікте орналасқан Семиглавый Мар, Елимай және шығыста орналасқан Достық қазақстандық шекара бекеттері арқылы тауарлар Үрімші (Қытай) бағытында сатып алушыға жіберіледі.

Руданы теміржол көлігімен тасымалдау артықшылықтарының бірі - тасымалдаудың балама түрлеріне кететін шығындарға қарағанда тиімдірек болатын тасымалдау құны.

KTZ Express  АҚ-да темір рудасын тасымалдау үшін клиенттердің қажеттіліктерін ескере отырып арнайы тарифтік жағдайлардың жасалғанын айтып өткен жөн.

Басқа құндылықтар қатарында - жүктерді тасымалдау кезіндегі толықтай қауіпсіздік, сонымен қатар жүк тиеу және түсіру кезінде ыңғайлылық, өйткені ашық вагон корпусының шатыры жоқ.