ТХКБ бойынша 2024 жылға 200-ші контейнерлік пойыз жөнелтілді

2024 жылғы 13 қыркүйекте Ақтау қаласында Сиань қаласының Қазақстан-Қытай терминалынан Әзірбайжанға бет алған Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша 200-ші контейнерлік пойыз келді.
KTZ Express ТХКБ дамуына ерекше мән береді. Маршрутқа қатысушы елдердің қолдауымен жүргізілген жұмыстардың арқасында биылғы жылы ТХКБ бойынша транзиттік тасымалдардың рекордтық көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Ағымдағы жылдың 8 айында ғана транзит 20 мың ЖЭФ құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдардағы тасымалдаудың жылдық көлемінен асып түсті, бұл маршруттың танымалдылығының тез өскенін көрсетеді.
TХКБ бағыты Қытай мен Еуропа арасындағы жылдам жеткізу уақыты мен оңтайлы тарифтерді ұсынатын негізгі көлік маршруттарының бірі болып табылады.
Бұл оқиға Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін нығайтудың маңызды кезеңі болды, бұл ТХКБ-ға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын растады. KTZ Express маршруттың басқа қатысушыларымен бірлесіп сервисті жақсарту және ТХКБ дамыту бойынша жұмысты жалғастырады.