KTZ Express пен QazTrade Трансафган дәлізі арқылы алғашқы мультимодальдық тасымалды ұйымдастырды

Экспорттық әлеуетті дамыту бойынша ынтымақтастық шеңберінде «KTZ Express» АҚ және «QazTrade» АҚ пәкістандық «National Logistics Corporation» (NLC) логистикалық операторымен серіктестікте Ауғанстан және Пәкістан арқылы Джебель-Али (БАӘ) портына пилоттық мультимодальдық тасымалды жүзеге асырды.
Көлік тізбегі 27 сәуірде «Павлодар» АЭА-да жүкті 21 тонналық 2 автокөлікке тиеуден басталып, «Жетіген» КЛО-да 40 футтық 2 теңіз контейнеріне қайта тиеліп, содан кейін контейнерлер тіркемесі бар жүк көліктеріне орнатып - контейнерлік кемемен Пәкістанның Карачи портына жөнелтілді.
Карачиге жүк 20 күнде келіп, 4 900 шақырымды жүріп өтті. 1 маусымда контейнерлер фидерлік кемеге тиелді және 3 маусымда Джебель-Али портына жеткізілді.
Тасымалдаудың жалпы мерзімі 38 тәулікті құрады, бұл клиент үшін ең тиімді шешім болды. Аталған бағыт бойынша маусым-шілде айларында 60 контейнер тасымалдау жоспарланған.
Аталған пилоттық жоба «KTZ Express» АҚ мен серіктестердің үйлесімді жұмысының нәтижесі болып табылады, сондай-ақ қазақстандық экспорттаушылардың Таяу Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің мақсатты нарықтарына өнім жеткізу жөніндегі мүмкіндіктерін кеңейтетін мультимодальдық сервис болып табылады.