KTZ Express халықаралық TransRussia 2025 көрмесіне қатысты

KTZ Express халықаралық TransRussia 2025 көрмесіне қатысты

2025 жылғы 18-20 наурызда Мәскеуде Халықаралық TransRussia 2025 көрмесі өтті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдардың қатысуымен шоғырландырылған стендті ұсынды. Көрме барысында «KTZ Express» АҚ логистикалық компаниялармен бірқатар келіссөздер жүргізді.


Негізгі оқиға теміржол контейнерлері мен теңіз тасымалдарына маманданған ресейлік оператор «Рейлшип Сервис» ЖШҚ-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Құжат «Солтүстік – Оңтүстік» ККМ және ТХКБ Шығыс тармағының логистикалық әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ Еуропа бағытындағы логистикалық процестер мен тасымалдарды жетілдіруге бағытталған. 


KTZ Express жетекші логистикалық компаниялармен серіктестікті кеңейте отырып, халықаралық көлік дәліздерін белсенді дамытуды жалғастыруда.