KTZ Express пен COSCO SHIPPING халықаралық логистиканы дамыту жөніндегі ынтымақтастықты нығайтуда

KTZ Express пен COSCO SHIPPING халықаралық логистиканы дамыту жөніндегі ынтымақтастықты нығайтуда

📅 2025 жылғы 26 маусым

📍 Гамбург, Германия


KTZ Express компаниясы COSCO SHIPPING (Europe) GmbH басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді. Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен логистикалық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесуге KTZ Express бас директоры Дамир Кожахметов, COSCO SHIPPING (Europe) президенті Ван Минфэн, сондай-ақ COSCO SHIPPING HOLDING (Europe) және оның еншілес компаниясы Ocean Rail Logistics S.A. өкілдері қатысты.

KTZ Express халықаралық логистиканы дамыту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтуге бағытталған жобаларын таныстырды.

Ocean Rail Logistics S.A. компаниясымен ықтимал ынтымақтастық мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. Компания Пирей (Грекия), Риека (Хорватия) және Копер (Словения) секілді ірі еуропалық порттар арқылы теміржол тасымалдарын жүзеге асырып, Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен байланыс орнатады.

Тараптар ұзақмерзімді әріптестікті дамытуға өзара мүдделілік танытып, басым бағыттар бойынша диалогты жалғастыруға келісті.