«KTZ Express» АҚ Қытайда road-show өткізіп, көлік логистика саласының жетекші өкілдерімен келіссөздер жүргізіді.

«KTZ Express» АҚ Қытайда road-show өткізіп, CRIMT, China Logistics Group, Jiangsu International Rail Freight Express, Pinduoduo және Henan Zhongyu International Port Group сияқты көлік логистика саласының жетекші өкілдерімен келіссөздер жүргізіді.
CRIMT, Henan Zhongyu International Port Group және Pinduoduo компанияларымен Транскаспий Халықаралық Көлік Бағытына (ТХҚБ) барынша назар аудара отырып, Қазақстан арқылы жүк тасымалы көлемін ұлғайту жөніндегі ынтымақтастық туралы, сондай-ақ логистикалық операцияларды оңтайландыру үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөніндегі жұмыстардың басталуы туралы мәселелер талқыланды және уағдаластықтарға қол жеткізілді.
China Logistics Group және Jiangsu International Rail Freight Express компанияларымен логистика және цифрлық жобалар саласындағы бірлескен сервистер бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы құжаттарға қол қойылды.
Road-show өзара түсіністікті тереңдетуге және ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. Қытайға сапарының нәтижелері қытай индустриясының негізгі ойыншыларымен серіктестік қарым-қатынас орнатудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Бұл бастама Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі географиялық маңыздылығын күшейтуге, жүктердің қосымша көлемін тартуға, сондай-ақ «KTZ Express» АҚ бизнесін әртараптандыруға бағытталған.