Жаңа ТХКБ рекорды: 2024 жылы 300-ші контейнерлік пойыз

Жаңа ТХКБ рекорды: 2024 жылы 300-ші контейнерлік пойыз

2024 жылдың 29 қарашасында Транскаспий халықаралық бағыты бойынша Сиань қаласындағы Қазақстан-Қытай терминалынан бастап Әзірбайжанға 300-ші контейнерлік пойыз жөнелтілді. Бұл нәтиже ТХКБ-нің қарқынды өсуін және оның халықаралық тасымалдардағы шешуші рөлін растай отырып, алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден едәуір асып түседі.


Жөнелту маршруттың негізгі серіктестерімен — ADY Express (Әзірбайжан) және Xi'an Free Trade Port (Қытай) бірлесіп ұйымдастырылды.


Қазіргі уақытта Қытайдан ТХКБ бойынша тасымалдау көлемі жиырма футтық баламада 27 мың контейнерден асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 25 есе көп.


Бұл оқиға ТХКБ-на жүк жөнелтушілердің жоғары қызығушылығын және оның Қазақстан аумағы арқылы Қытай мен Еуропа арасындағы жылдам әрі тиімді байланысты қамтамасыз ететін негізгі көлік дәліздерінің бірі ретіндегі стратегиялық маңыздылығын атап көрсетеді.