"KTZ EXPRESS" АҚ-ға МТК "Солтүстік-Оңтүстік" шығыс тармағының көлік-логистикалық мүмкіндіктері ұсынылды

"KTZ EXPRESS" АҚ-ға МТК "Солтүстік-Оңтүстік" шығыс тармағының көлік-логистикалық мүмкіндіктері ұсынылды

«KTZ Express» АҚ Қазақстан мен БАӘ мемлекеттік органдары мен бизнесінің кең ауқымын жинаған Дубай қаласындағы қазақстандық кәсіпорындардың сауда-экономикалық миссиясына қатысты.


Іс-шара аясында «KTZ Express» АҚ «Солтүстік-Оңтүстік» бағытының шығыс тармағына ерекше назар аудара отырып, Қазақстанның ағымдағы көліктік-логистикалық мүмкіндіктерін таныстырды.


Шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке жеткізу тізбегінің бүгінгі өзгерісін ескере отырып, "Солтүстік-Оңтүстік" ККМ Қазақстан мен Түрікменстан аумақтары бойынша жүктерді Иранның порттарына шығумен және одан әрі Парсы шығанағы мен Үнді субконтиненті елдеріне жөнелтумен жылдам жеткізу үшін перспективалар ашады.


Еске сала отырып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін дамытудың стратегиялық маңыздылығын бірнеше рет атап өтіп, оны жаңа жаһандық логистиканың негізгі элементі ретінде атап өткен болатын.