"ҚТЖ" ҰК" АҚ мен ҚХР ірі порт операторы Шаньдун порт тобы (Shandong Port Group, SPG) қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде мультимодальды контейнерлік сервистерді бірлесіп дамытатын болады.

Құжатта көліктік-логистикалық сервистерді, порт және терминалдық қызметтерді дамыту, сондай-ақ теңіз тасымалдарын, оның ішінде Каспий және Қара теңіздегі теңіз буынын дамыту саласындағы ынтымақтастық көзделген. Бұдан басқа, тараптар тұрақты контейнерлік сервистерді құру үшін Қазақстан арқылы маршруттарды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын бірлесіп пайдалану мүмкіндігін зерделейді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 3 есеге, Транзит төмендеген кезде Қазақстанның экспорты есебінен 7 есеге өсті. Кездесу аясында қатысушыларға Қытай, Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО және Таяу Шығыс елдерінің сауда логистикасын байланыстыратын Алматы агломерациясындағы сауда - логистикалық хаб-жобаның тұжырымдамасы таныстырылды.