KTZ Express қызметтері маңғыстаулық кәсіпкерлерге таныстырылды

KTZ Express қызметтері маңғыстаулық кәсіпкерлерге таныстырылды

KTZ Express батыс филиалы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен қатысушыларды KTZ Express логистикалық қызметтерінің бизнес үшін артықшылықтарымен таныстыруға бағытталған онлайн-презентация ұйымдастырды.

Іс-шараға 30-дан астам компанияның өкілдері қатысты: Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Актауский Морской Северный Терминал, «Қазақстан теңіз көлік флоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы, Маңғыстау ЖТ , Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы, «МӨЭК» АҚ, «КазАзот» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «АрселорМеталл Актау» АҚ және басқалары.

Өз сөзінде KTZ Express Батыс филиалының жетекшісі Ерлан Тулендиев қатысушыларға компанияның Қазақстан арқылы өтетін маршруттарында жасалған қолайлы шарттары, жайлы тариф саясаты, жылдамдық параметрлеріне сәйкестігі, жүктердің қауіпсіздігі, сонымен қатар клиенттерге ыңғайлы болу үшін +7 7172 611 500 нөмірі бойынша ақысыз консалтингтік қоңырау басталғанын айта отырып клиенттердің назарын аудару қағидатын ұстанатындарын алға тартты.

Сондай-ақ іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстанның теңіз порттарының мүмкіндіктері мен Транскаспий бағыты бойынша жүктерді тасымалдау шарттары ұсынылды. Порт өкілдері қатысушыларды елдің теңіз қақпасының инфрақұрылымы заманауи талаптарға толық жауап беретіндігіне және салқындатылған контейнерлерде тасымалданатын температураға сезімтал жүктерді қоса алғанда, барлық жүк түрлерімен жұмыс істеуге дайын екендігіне сендірді.

 

«KTZE – Батыс» АҚ

Мекен-жайы: Ақтөбе қ., Тилеу Батыр, 10

Тел: 8 7132 97 43 33   8 777 732 66 75

Email: zapad@ktze.kz