KTZ Express ТКХБ бойынша транзит көлемін ұлғайтуда

KTZ Express ТКХБ бойынша транзит көлемін ұлғайтуда

KTZ Express Қытайдан (Сиань қ.) Әзірбайжанға (Апшерон станциясы) Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы транзитпен жүктерді жеткізу бойынша тұрақты сервисті іске асырады.

Жыл басынан бері ТХКБ бойынша тасымалданған жүктердің көлемі оң динамиканы көрсетіп келеді. Қаңтар айының соңына дейін шамамен 10 контейнерлік пойыз жөнелтіледі деп жоспарлануда, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өсімді білдіреді. Транзит көлемін ұлғайту көзделіп отыр және KTZ Express бұл үрдісті ай сайынғы негізде одан әрі қолдауға ниетті.

Жалпы ұзындығы 5100 км-ден асатын бағыт үш мемлекеттің аумағы арқылы өтеді: Қытай, Қазақстан және Әзірбайжан. Жеткізу мерзімі 10-нан 12 күнге дейін.