«ҚТЖ» АҚ мен Қытайдың ірі логистикалық компаниялары Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік тасымалдауларды дамытуға келісті
«ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Санжар Елубаевпен Қытайдағы кездесу барысында көлік-логистикалық саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша Бейжіңде, Шанхайда, Чендуде және Үрімшіде көлік-логистикалық платформалардың басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді.
«Үрімші теміржолы» БАҚ Басқарма төрағасы Чжан Хайтаомен кездесу барысында 2018 жылғы 11 айдағы халықаралық жүк тасымалдауларының көлемдері бойынша қорытындылар жасалып, 2019 жылғы жоспарлар талқыланды. Сиань, Сучжоу, Иву қалаларының логистикалық платформаларының басшыларымен келіссөздер жүргізілді. Тараптар Қазақстан аумағындағы транзит арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағдары бойынша контейнерлік тасымалдауларды дамытудың ағымдағы жай-күйі мен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, Қытай мен Еуропа елдер, Орталық Азия, Қазақстан, Ресей, Иран, сондай-ақ Транскаспий дәлізінің қатысушы елдері арасында жеткізулердің логистикалық тізбектері мен сервисті дамыту және жүк тасымалдау көлемдерін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді. Кездесу барысында қазақстан делегациясы сондай-ақ COSCO Shipping Corporation Limited бас директорының орынбасары Суй Цзюнмен және «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портының қатысушысы болып табылатын Ляньюнган портының президенті Чжу Сянянмен кездесті.
Тараптар жаһандық логистикалық сервистер архитектурасының бір бөлігіне айналған және қазақстандық транзиттік дәліздердің халықаралық логистикалық желіге кірігуін қамтамасыз ететін құрғақ порт жобасының табысты дамуын атап өтті,сондай-ақ бірлескен логистикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі жоспарларды белгіледі. «Біздің серіктестік Түркия, Кавказ, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран бағытындағы тасымалдар географиясын кеңейтуге және географиялық қатысу және тарифтерге әсер ету тетігі есебінен трансконтинентальды транзиттік тасымалдарды бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті С. Елубаев. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қытайдың ірі логистикалық компанияларының басшыларымен Контейнерлік тасымалдауларды ұйымдастыру және дамыту туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды.