KTZ Express Әзірбайжанға мемлекетаралық тапсырыс шеңберінде электровоздар жеткізілімін жүзеге асырады
.jpeg&w=2048&q=75)
«KTZ Express» АҚ филиалы – «KTZE – Солтүстік» француздық Alstom Transport SA инженерлік компаниясы шығарған AZ8A сериялы № 0012 электровозды Қазақстаннан Әзірбайжанға тасымалдады.
Компания «Электровоз курастыру зауыты» ЖШС-мен көліктік экспедиция туралы жасалған келісім-шарт аясында Әзірбайжан темір жолдары үшін мемлекетаралық тапсырысты орындайды.
Тасымал «бір терезе» қағидаты негізінде жүзеге асырылатындығын атап өткен жөн. Ерекше жүк жөнелімінің бағыты Сороковая стансасынан басталып, пароммен Құрық және Алат (Әзірбайжан) порттары арқылы Балажари стансасында (Әзірбайжан) аяқталды. Жеткізу мерзімі - 10 күнге дейін.
Әзірбайжанға айына бір рет орташа есеппен алғанда 28 электровоз жіберу жоспарлануда.